Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Көкпар біздікі, тек біз жеңуіміз керек деген түсініктен айырылуымыз керек - БУРАХАН ДАҚАНОВ

19:58, 12 қыркүйек 2024 1562

Қоғам белсендісі Бурахан Дақанов бүгінгі тартысты өткен көкпар ойынына өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Ол бұл ойын өз facebook парақшасында жария етті.

“Егер мына Көшпенділер ойынының әлемдік деңгейге шығуын қаласақ,  ішіндегі көкпар,  жамбы ату,  аударыспақ сынды дүниелердің біздікі,  біздің ойын,  тек біз жеңуіміз керек деген түсініктен барынша айырылуымыз керек.  Егер бұл ойындар өз ауламызда ғана болатын болса,  бәсекелестік болмаған жерде бұл зат еш дамымайтыны һақ.  Бізге бәсеке керек.  Кешегі,  Америкалық ковбойдың:  біз көкпарға мүлдем дайын емес екенбіз.  Мүлдем икемге келмедік.  Өйткегі көкпар үйрететін ешкім жоқ.  Біз ара тұра жиналып,  видеоларға қарап, үйренуге тырыстық, бірақ өкінішкеорай шамамыз келмеді деп жатыр.  Темірді қызған кезде соқ деп,  әр елге "көкпар федерациясын"  аштыру керек.  Қайда біздің әлемдік Қазақтар?  Әр елде біздің диаспора бар.  Солар осыны қолға алып,  осы бір ойындарды өз елдерінде паш етсін.  Міне сол кезде,  келесі болатын ойындар бұданда сұмдық боп,  таза һәм тартысты өтетін болад.  Әйтпесе мына ойындар,  Қазақтармен Қырғыздардың достық кездесуіне айналып бара жатыр”,- деді ол.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар