Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Кісі өлтіру, есірткі беру, тонау, интимдік қызмет: Әйел адам 30-ға жуық ауыр қылмыс жасағаны анықталды

12:15, 19 ақпан 2025 684

АҚШ-тағы Огайо штатында әйел адам интимдік қызмет көрсеткенмен қоймай, клиенттеріне есірткі беріп, тонаған, деп хабарлайды Alash.kz  Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

34 жастағы Ребекка Оборнға 30-ға жуық қылмыс, соның ішінде бірнеше рет кісі өлтіру, ауыр тонау және ауыр шабуыл жасады деген айып тағылды.

Алайда Оборн өз кінәсін мойындамады. 

2023 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында Оборн Колумбус аймағында төрт клиентпен интимді қызмет көрсету үшін кездесіп, кейін сусындарына фентанил есірткісін салып, оларды тонаған дейді.

Айыптау қорытындысына сәйкес, Оборн желтоқсанда тағы бір адамды улап, тонамақ болған екен.

Франклин округінің коронарлық кеңсесінің мәйіт бойынша есептерінде 54 жастағы, 30 жастағы және 42 жастағы ер адамдардың уланып көз жұмғаны дәлелденген.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар