Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Кішкентайынан Шымбұлақта шаңғы тепкен: Қаза тапқан шаңғышы қыз туралы тың ақпарат шықты

11:05, 18 наурыз 2025 538

Алматыда қар көшкіні астында қалған шаңғышы туралы тың ақпарат шықты, деп хабарлайды Alash.kz.

Кеше, 17 наурыз, Алматы тауларында қайғылы оқиға орын алды – қар көшкіні салдарынан 35 жастағы шаңғышы қаза тауып, тағы екі адам зардап шекті.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, қаза болған азамат Ресей азаматы болған. «Орда» басылымы марқұм туралы қосымша мәліметтерді анықтады.

Журналистердің зерттеуі бойынша, Нұрсұлтан шыңының баурайында қар көшкіні астында қалып қаза тапқан адам – Олеся Головина есімді шаңғышы және жаттықтырушы.

Ол соңғы 18 жылын Ресейде өткізген және сол елдің азаматтығын алған. Алайда Олесяның туған жері – Алматы. Бұл туралы спортшы өз Instagram-дағы жазбаларында жиі бөлісіп отырған.

Алматыда туған, тауға ғашық болған.

Олеся Головина 1990 жылдың ақпан айында, сол кездегі Алма-Ата қаласында дүниеге келген.

“Менің шаңғыға деген махаббатым Алматыда, Қазақстанда басталды. Мен дәл осы қалада туып-өстім және бұл мен үшін үлкен бақыт! Алматы үш жағынан таулармен қоршалған. Үйден шаңғы тебуге 15 минутта жетуге болатын, ал әйгілі «Шымбұлаққа» – небәрі 40 минутта. Атам шаңғы тебуді жақсы көретін, ол әкемді шаңғыға тұрғызды, ал әкем мені үйретті.”, – деп жазған Олеся өзінің әлеуметтік желідегі жазбаларының бірінде.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар