Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Кішкене қызды алдап, шешіне бастаған". Талғарда бұрын адам өлтірген ер адам заң бұзып, 8 жасар қызға тиісті деген күдікке ілінді

15:36, 29 тамыз 2026

Талғар қаласында 8 жастағы мектеп оқушысына қатысты заңсыз әрекет жасады деген күдікпен бұрын адам өлтіргені үшін сотталған ер адам ұсталды. Оқиға 24 тамызда болған, деп хабарлайды  Alash.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті велосипедке көмектесемін деген сылтаумен қыз баланы алдап, оған қатысты заңсыз әрекет жасаған. Қыз ер адамның шешіне бастағанын көріп, велосипедпен қашып кеткен. Үйіне барған соң болған жағдайды ата-анасына айтып берген.

Отбасы бірден полицияға арызданған. Күдікті екі күннен кейін ұсталып, полиция басқармасына жеткізілген.

Марқұмның анасының айтуынша, күдіктінің құқық қорғау саласында жұмыс істейтін немесе адвокаттық қызметпен айналысатын туысы бар. Осыған байланысты отбасы мен жергілікті тұрғындар істің объективті әрі әділ тергелуін талап етіп отыр.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 124-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазір күдіктіге қатысты қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Істің барысы полиция басшылығының ерекше бақылауына алынған. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат әзірге жарияланбайды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар