Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Кір жуатын машинаға дейін” - Перизат Қайраттың аукционға қойылатын мүліктері белгілі болды

15:57, 05 қыркүйек 2025 237

Қаржы мониторингі агенттігі Перизат Қайраттан тәркіленген мүлікті аукцион арқылы сатуға шешім қабылдады. Билік бұл шараны жәбірленушілердің шығынын өтеудің басты жолы деп отыр, деп жазады Alash.KZ.

Аукционға қойылатын дүние-мүліктің көлемі қарапайым адамдарды ғана емес, сарапшыларды да таңғалдырды. Құны миллиардтаған теңгеге бағаланатын жылжымайтын мүлік, соңғы үлгідегі қымбат көліктер, бизнес үлестері мен қолма-қол қаржы тізімге енгізілген.

Сатылымға түсетін мүліктер қатарында:

  • Vela Village коттедж қалашығындағы үй;
  • Akbulak Riviera, Sensata Plaza, Highvill Ishim Gold, сондай-ақ «Көк Жайлау» кешендеріндегі пәтерлер (тұрақ орнымен бірге);
  • Жаңа шыққан люкс автокөліктер: Mercedes-Benz S450 (2024), Lexus LX 600 (2024), Mercedes-Benz EQE 500 4Matic (2023), Haval H6 GT (2024);
  • «Rebel Flowers» ЖШС-нің жарғылық капиталындағы толық үлес;
  • 97 миллион теңге мен 22 мың АҚШ долларынан астам қаражат.

Осы ретпен сәнді коттедждерден бастап тіпті тұрмыстық техникаларға дейін мемлекет бақылауымен жаңа қожайынға табысталатын болады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар