Әнші-продюсер Қыдырәлі Болманов замандасы Баян Мақсатқызы туралы желіде өз ойын білдірді, деп жазады Alash.KZ.
Болмановтың айтуынша, Баянды ең алғаш "Махаббат бекетінен" көрген.
"Баянды алғаш рет “махаббат аядамасы” көркем-фильмінен көргенмін. Баянға ғашық болған суретші жігітке тілекші болып, ол қиналғанда, бірге қиналып, Баян басқа жігітке тұрмысқа шығып кеткен кезде, қап, неге өйтті екен,-деп Баянға ренжіңкіреп те қалғанбыз" дейді.
Одан кейін өнер иелері институт қабырғасында кездесіпті.
"Алматыға оқуға түскенде, сол институттан көремін деп үш ұйықтасам, түсіме кірмеген еді. Бір күні аудиторияға кіріп келсем, басқа курс отыр екен. Алдыңғы қатарда отырған Баян бірден көзіме оттай басылды! “Махаббат станциясы!”.
Кинодағы Баяннан жүз есе сұлу екен. Сол кезден бастап танимын. Мен үшін әрі әріптес, бір институтта, бірақ әртүрлі факультетте оқысақ та, студенттік кезден білетін, мен үшін қымбат замандасым!" деп еске алады жастық шақтарын.
Одан кейін Баян Мақсатқызының кинодағы тәуелдерін, шоу бизнестегі жетістіктерін жазыпты.