Әлеуметтік желіде өз көлігін өзі жарып жіберген адамның видеосы тарады, деп жазады Alash.KZ.
Видео түсіріп тұрған адамның сөзінен түсінгеніміз, заңсыз киік атып жүргендер ұсталған сәтте бірден көлікті өртеп жіберген.
"Машинаны неге өртедің?", "Ішінде қанша киік бар?", "Қанша мылтық, қанша оқ бар?" деп сұрайды. Көлігін жағып жіберген адам екі лақ қана атқанын, бір мылтық барын айтады.
Әңгімелерінен түсінгеніміздей, заңсыз аңшылық Қызылорда облысының Арал ауданы аумағында болған көрінеді.
Әлеуметтік желіде: "Былтыр үкімет киікті жаппай қыруға бұйрық берген еді. Енді халық бір-екі киік атып еді краснокнижный бола қалып па? Неге біздің елде заң бір жақты жұмыс істейді? Неге заңымыз тек халыққа қарсы жұмыс істейді?" деп жазып жатыр.
Заңсыз аңшылықтың қай жылы, қай өңірде болғаны нақты жазылмаған.
Ескертейік, киіктер Қазақстанның "Қызыл кітабына" енген жануарлар қатарына жатады. Нақтырақ айтқанда, сайга (саи́га) – Қазақстанда кездесетін киіктің бір түрі, ол ерекше қорғалатын түрлердің тізімінде. Сайга әлем бойынша өте сирек кездеседі, сондықтан оны қорғау өте маңызды.
Қазақстанда киіктерді қорғау үшін түрлі заңдар мен шаралар қабылданған, ал оларды заңсыз аулау немесе зиян келтіру қылмыс болып табылады.