Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Киевке шабуыл жасамайды»: Ресей билігі келісімге келгенін растады

16:25, 30 қаңтар 2026

Кремль АҚШ президенті Дональд Трамптың ұсынысын қабыл алып, 1 ақпанға дейін Киевке соққы жасамауға келіскенін ресми түрде қуаттады, деп хабарлайды Alash.kz. 

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков бұл қадамның алдағы келіссөздер процесіне қолайлы жағдай жасау мақсатында жасалғанын атап өтті.

Алайда бұл келісім тек Украина астанасына қатысты болып отырған сыңайлы. Себебі Харьков және Херсон облыстарының жергілікті билігі өткен түнде Ресей тарапынан шабуылдардың тоқтамағанын хабарлады. Херсон өңірінде снаряд шағын автобусқа тиіп, салдарынан бір тұрғын қаза тауып, тағы бес адам түрлі жарақат алған.

Дмитрий Песковтың мәлімдемесіне сүйенсек:

«АҚШ президенті мұны келіссөзді сәтті жүргізу мақсатында ұсынған».

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар