Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Кезекке тұруға мүмкіндік бар”: Жаңа ереже! Пәтер алғысы келетіндер үшін жағымды жаңалық шықты

09:45, 21 қаңтар 2026

Ақпан айынан бастап Қазақстанда баспана кезегінде тұрған азаматтар үшін жеңілдіктер қарастырылған жаңа ережелер қолданысқа енеді, деп хабарлайды Alash.kz.. 

Отбасы банкі таратқан мәліметке сүйенсек, бұдан былай жылжымайтын мүлікте үлесі бар адамдар мемлекеттік көмектен қағылмайды.

Бұған дейін қолданыста болған тәртіп бойынша, пәтердегі тіпті аз ғана үлес азаматтардың жеңілдікті ипотека алуына немесе жалдамалы баспана кезегіне тұруына кедергі болатын. Ендігі кезекте мұндай меншік иелері мемлекеттік қолдау бағдарламаларына толыққанды қатысу мүмкіндігіне ие болды.

Бұл мәселе заңнамалық деңгейде ұзақ уақыт бойы реттелмей келген еді. Алайда халықтың тарапынан түскен көптеген шағымдар мен өтініштерден кейін тиісті органдар кезектегі азаматтардың жағдайын ескере отырып, ережені жеңілдету туралы шешім қабылдады. Жаңа талаптар тұрғын үй мәселесін шешкісі келетін мыңдаған қазақстандыққа жол ашпақ.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар