Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Кез келген сценарийге дайын болуымыз керек»: Олжас Бектенов әкімдерге шұғыл тапсырма жүктеді

20:16, 05 наурыз 2026

Қазақстан Үкіметінің басшысы Олжас Бектенов өңірлердегі су тасқынына дайындық жұмыстарын бақылауға алып, жергілікті атқарушы органдарға нақты мерзім белгіледі, деп жазады Alash.kz. 

Ақмола облысына жұмыс сапарымен барған Премьер-министр Төтенше жағдайларды жою жөніндегі республикалық жедел штабтың көшпелі отырысын өткізіп, жауапты тұлғаларға бір апта ішінде барлық қауіп-қатерді қайта пысықтауды жүктеді.

Үкімет басшысы тасқынның алдын алу шараларының сапасына ерекше назар аударып, әкімдердің дер кезінде әрі нәтижелі қимылдауы қажеттігін қадап айтты. Жиын барысында Олжас Бектенов:

«Біз кез келген сценарийлерге дайын болуымыз керек. Әкімдер жоспарланған тасқынға қарсы іс-шараларды, әсіресе елді мекендердің маңында іске асыру жұмыстарын жандандыруы қажет. Бұл су басу қаупі бар барлық өңірлерге қатысты. Сондықтан әкімдіктер бір апта мерзімде бар тәуекелдерді зерделеп, жергілікті жерлерге шығу арқылы қажетті шараларды қабылдауы тиіс», — деп мәлімдеді.

Сонымен қатар күн тәртібіндегі күрделі мәселелер бойынша Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев баяндама жасады. Оның мәліметінше, биыл бірқатар аймақта метеорологиялық жағдай күрделі болып тұр. Атап айтқанда, кейбір өңірлерде қардың өте қалың жиналуы, мұз қабатының нығыздалуы және топырақтың терең тоңдануы байқалады. Вице-премьер бұл факторлардың барлығы су тасқыны кезеңінде жағдайды қиындатуы мүмкін екенін ескертті. Қазіргі уақытта Үкімет тарапынан жағдайды тұрақтандыру үшін кешенді жұмыстар жалғасуда.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар