Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Кейіпкерді жаңылыстырды»: министр қоғамды дүрліктірген «Хабар» агенттігін сынға алды

18:31, 13 наурыз 2024 429

«Хабар» агенттігіндегі ток-шоу ашылмай жатып жабылатын болды.

Мемлекеттік идеологияны жүргізіп отырған телеарна олқылыққа жол бергені үшін Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның сынына ілікті.  

«Өз кезегінде, 11 наурыздан бастап «Хабар» арнасында отбасындағы әлеуметтік мәселелерін көтеріп, оны шешуге бағытталған «Бірақ...» бағдарламасының шығарылымы ұйымдастырылды. Алайда, тікелей эфирдегі берілген шығарылымда редакция бағдарламаның діттеген мақсатына жете алмай, кейіпкерді жаңылыстыру арқылы қоғамда түрлі пікірлер туындатты. Мемлекеттік идеологияны жүргізіп отырған мемлекеттік телеарна бұндай олқылыққа жол бермеуі тиіс еді», - деді Балаева.

Отбасылық құндылықтарды насихаттау, ана мен баланы қорғау жөніндегі қызметті үйлестіру, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимылды насихаттау Министрліктің басты міндеттерінің бірі.

«Ең алдымен, редакция барлық этикалық нормаларды сақтап, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық пен арандатушылыққа жол бермеуге, кейіпкерлерді көпшілік алдында қорламау қажет еді. Сондықтан телеарна редакциясына бұл үлкен сабақ болады деп санаймыз. Аталған ток-шоу жабылады», - деді Мәдениет және ақпарат министрі.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар