Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Кесіп жатқан жерінен ұсталды: Күдікті ер адам қорқынышты күйде табылды

15:30, 10 желтоқсан 2024 1993

Солтүстік Қазақстан облысында екі қылмысқа күдікті тұрғын өз қолымен қазған жеркепеде жасырынған, деп хабарлайды Alash.kz Orda.kz сайтына сілтеме жасап. 

Солтүстік Қазақстан облысында мал ұрланғаны туралы арыз келіп түсті. Белгісіз адам ауыл тұрғынының жылқысын ұрлап, қорадағы жануармен бірге ер-тоқым, жүген мен киіп жүрген пимасын да алып кеткен. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жедел уәкілдер мен жылқының иесі қар үстіндегі ізге түсіп, 30 шақырымдай жүрді.

Іздер Булаево – Молодогвардейское автожолына жақын жердегі орман ішіне алып барды.

Полиция қызметкерлері қалың бұталардың арасында қазылған жерге үстін жауып тұрғызылған, ішіне қолдан жасалған пеш орнатылған жеркепені байқады. Ауданның 48 жастағы тұрғыны жылқы етін кесіп жатқан жерінде ұсталды. Алдын ала болжам бойынша полицейлер күдіктінің осы қылмысты жасағанын білген.

Бұл азамат бұрын пәтер ұрлығы үшін сотталып, үш жыл алты айға бас бостандығы шектелген, бірақ пробациялық бақылауға тұрмай, қашып кетіп, бой тасалаған. Дәл осы адам ұрланған жылқының иесінде бұрын жұмыс істеген, қора-қопсының орналасқан жерін және қандай жылқылардың үйретілгенін жақсы білген. Жоғалған пима қылмыскердің адамдардан жасырынып жүргенін байқатты, – дейді аудандық полиция бөлімінің бастығы Асан Мейрамов.

 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар