Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында нәтижесі жойылып, алтын жүлдесінен айырылған қазақстандық жеңіл атлет Ясмина Тоқсанбаева әлеуметтік желідегі парақшасында осы оқиғаға байланысты әсерлі жазба жариялады, деп хабарлайды Alash.kz.
Жарыс жолында соңына дейін күрескенін айтқан спортшы іштегі өкініші мен алдағы жоспарын бөлісті.
«Осындай өтпелі эмоциялар үшін кешірім сұраймын, мен алтын сыйлағым келіп еді. Бірақ Жаратқанның жазуы осылай болды, тіпті бұл да мені арманыма барар жолда тоқтата алмайды. Нәтиже жойылды, біз соңына дейін күрестік. Мен үшін соңына дейін күрескен жеке бапкерімнен бастап, Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының бүкіл ұжымына және Спорт министріне дейінгі барлық суперқаһармандарыма алғыс айтамын. Бүгін мені мың бір бөлікке бөлшектеп кеткендей болды», — деді Ясмина Тоқсанбаева.
Сондай-ақ спортшы өзін жарысқа дайындау процесі мен бапкерлердің еңбегі сипатталған екінші жазбаны да бөлісті.
«Кәсіби спортта әрқашан шектеулер болады: жарақаттар, мерзімдер, өзіңе байланысты емес мән-жайлар. Бұл сәтте адамның ішкі болмысы айқын көрінеді. Ясмина маған стартқа алты айдан аз уақыт қалғанда келді. Емдеу тактикасын таңдау оңай болған жоқ, бірақ оның мінезі, шешімталдығы, қысқа мерзімде осы жолды өтуге деген үлкен ұмтылысы тәнті етті. Бағдарламаны жазып шықтық, ал оның осы уақыт ішінде көтерген жүктеме көлемі тек таңғалдырады. Әрбір ұсынысты бойына сиңіріп, алға жылжыды. Бұдан бөлек, жалпы дене даярлығы бойынша бапкер @syzdykovamal мен @backtomove.kz орталығын ерекше атап өткім келеді, олардың еңбегінсіз бұл нәтиже болмас еді. Үлкен спортта тек сөредегі бабың ғана шешім қабылдамайды. Бұл — үлкен жолдың бастамасы ғана», — деп атап өтті ол.