Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Керемет жаңалық: Қазақстанда Илон Масктың интернеті ресми іске қосылды

10:39, 13 тамыз 2025 142

13 тамыздан бастап Starlink компаниясы Қазақстан аумағында ресми түрде спутниктік интернет қызметін іске қосты, деп Alash.kz ұлттық порталы Цифрлық даму министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Starlink ресми сайтындағы мәліметке сәйкес, ай сайынғы абоненттік төлем 23 мың теңгені құрайды. Жүйе шалғайда немесе инфрақұрылымы нашар аймақтарда тұратын тұрғындарды, сондай-ақ теңіздегі кемелерді тұрақты интернетпен қамтуға мүмкіндік береді.

SpaceX әзірлеген бұл технология авторитарлық елдерде цензурасыз ақпарат таратуға да жағдай жасайды. Қызметті іске асыру үшін Жер орбитасына 2300-ден астам спутник ұшырылған.

Speedtest Global Index-тің 2025 жылғы маусым дерегінше, Қазақстандағы орташа интернет жылдамдығы стационарлық желіде – 77 Мбит/сек, ал мобильді байланыста – 18 Мбит/сек.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар