Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Керек емес еді...»: Медеу Арынбаев Тұрсынбек Қабатовқа қатысты ойын айтты

17:35, 04 қыркүйек 2026

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші Медеу Арынбаев соңғы уақытта қоғамда қызу талқыланып жатқан әріптесі Тұрсынбек Қабатовқа қатысты жағдайға байланысты өз ойын бөлісті, деп хабарлайды Alash.kz.

Өнер иесінің сөзінше, отбасылық мәселе әр адамның ішкі шаруасы болғанымен, ел алдында жүрген танымал тұлғалардың жауапкершілігі жоғары болуы тиіс.

«Естідім бәрін, керек емес еді негізі. Әрине, отбасылық мәселе – өзінің жеке өмірі. Бірақ сен тұлға болсаң, өнер деген елдің атынан шығып жүрсің бе – оның бәрін абайлау керек. Оның жауапкершілігі болу керек», – деді Медеу Арынбаев.

Әнші белгілі тұлғалардың әрбір қадамы мен жеке өмірі бұқараның назарында болатынын, сондай-ақ олардың қоғам үшін тәрбиелік мәні бар екенін де баса айтты.

«Белгілі тұлғалардың өмірбаяны бірінші ретте талқыға түседі. Өзің айтпақшы, ол идеологиялық, тәрбиелік мәні бар. Осындай жағдайларға абай болу керек», – деп атап өтті ол.

Сонымен қатар Медеу Арынбаев өнердегі әріптестеріне жеке бас мәселелерін көпшілікке жария етуде ұстамдылық танытуға кеңес берді. Оның пікірінше, жеке өмірді елден толық жасыру мүмкін болмағанымен, оны әдейі жарнамалау да дұрыс емес.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар