Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Керегі жоқ, қай бетіммен аламын ол ақшаны, ұят қой" деп көнбеді". Әнші Ақжол Мейірбековтің қызы ел естімеген естелігін бөлісіп, көзіне жас алды

19:16, 06 маусым 2026

Марқұм әнші Ақжол Мейірбековтің қызы Сұлтан әкесінің өмірінің соңғы кезеңдері туралы айтып берді, деп жазды  Alash.kz.

«Көреміз» ток-шоуында сөйлеген Сұлтанның айтуынша, әкесі сырқаты асқынған кезде шетелде емделу мүмкіндігі болғанымен, халықтан қаржы жинауға қарсы болған.

– Әкем өмірден өтемін деп ойлаған жоқ. Қазақстандық дәрігерлерге қатты сенді. Біз халықтан ақша жинап, шетелге апарып емдетуді ойладық. Бірақ папам: «Қажеті жоқ, қай бетіммен адамдардан ақша аламын, ұят қой», – деп келіспеді. Дәрігерлер де емдеу хаттамалары бірдей екенін айтып, сендірді, – дейді ол.

Сұлтанның сөзінше, әнші аурумен ұзақ уақыт күресіп, 18 мәрте химиотерапия курсынан өткен.

– Әкемнің соңғы аманаты «Жақсы, түзу жүріңдер» деген сөз болды. Қатты қиналып, сырқаттанса да, сахнадан қол үзген жоқ. Әнін айтып, елдің алдында барынша көңілді жүруге тырысты, – деді әншінің қызы.

Оның айтуынша, Ақжол Мейірбеков өмірінің соңына дейін өнерден алыстамай, көрерменіне деген құрметін сақтап өткен.

 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар