Танымал кәсіпкер Тұрсын Алагөзов жұмысшыларына 100 пәтер беру үшін қаржылық тәуекелге барғаны туралы айтты, деп жазады Alash.kz.
Кәсіпкер Динара Сәтжанға берген сұхбатында өзінде жеткілікті қаражаттың болғанын, десе де 100 пәтерді ала алғаны жайында баяндап берді.
«Менде бірден 100 пәтер алатын мүмкіндік болған жоқ. 2 жарым миллиард теңге еді. Қолымда тек 500 миллион бар. Бірақ менде әлеуметтік әскерлік басымдылық болды. Егер, адамжар бір нәрсеге келісе алмаса, мен сол адам үшін барып келісемін. Мен құрылыс компаниясын таптым. «Менде 2 жарым миллиард теңге жоқ. 500 миллион бар. Маған 100 пәтер бере тұрыңыздар. Мен әр адам үшін кепіл боламын. Әрқайсысы үшін есептесемін» дедім».