Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Кең далада күмбірлеген домбыра. Түлектердің ерекше тарту-монументі көпшілікті тәнті етті (видео)

Кең далада күмбірлеген домбыра. Түлектердің ерекше тарту-монументі көпшілікті тәнті етті (видео)

Ұлттық ақпарат кеңістігінде мектеп бітіргеніне 20 жыл толған түлектердің ауылға, мектепке жасаған ерекше тартулары жайлы бейнекадрлар тарады. Атап айтқанда, түлектер ауылында домбыра үлгісіндегі айрықша монумент орнатып, туған жер тұрғындарын, ұлттық құндылықтарымызды қадірлеген бар ағайынды қуантты, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

Әлеуметтік желіде тараған видеолардың бірінде түлектер ауылға домбыра үлгісіндегі монумент сыйға тартты. Желі қолданушылары мұндай тарту жасағандар Батыс Қазақстан облысы, Жалпақтал ауылының түлектері екенін жазып жатыр.




"Мектеп бітіргендеріне 20 жыл болған түлектер тарту еткен", - деп жазды әлеуметтік желі қолданушылары. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар