Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Келмеңдер, енем мен Сұлтан солай айтты" деп жолатпады": Атыраудағы оқиға жайлы сұмдық дерек шықты (ВИДЕО)

14:57, 12 қаңтар 2026

Танымал журналист Гүлмира Әбіқай "Алаш Орда" YouTube-арнасына берген  сұхбатында Атырауда жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен отбасы жайлы тың деректермен бөлісті, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

"Сұлтанның түрін бәріміз фотороботтан көрдік қой. Ал Әсилә апай "Ол ешқашан бізбен бірге отырыста болған жоқ. Алғашында алып қашып кеткен соң құда болып бір-ақ рет келді, одан кейін араласпадық", – дейді ол. Мен "Құдағиыңыз сіздерді кінәлап жатыр ғой" десем, "Біз барайық" десек, Ақбаян "Келмеңдер, келмеңдер" деп айтатын. Шынын айтсақ, қызымызды төртінші баласын босанған кезде бір-ақ рет көрдік. Ал бесінші баласын босанғанын тіпті көрмедік. Себебі Ақбаян "Келмеңдер, енем мен Сұлтан солай айтты" деп жолатпады", – дейді. Әлбетте, Ақбаянның өзі солай айтқан соң, қыздың төркіні жақындамаған. Бір қызығы, ең жақын туыстарының өзі күйеу баласының түрі қандай екенін есіне сақтай алмай, мінезін білмей отырса, оны көршілері мен өзге адамдар қайдан білсін? Шынында да, томаға-тұйық, ешкіммен араласпайтын отбасы болғаны айтылады. Дәл осындай отбасына қатысты адамдар мен учаскелік полиция күдікпен қарауы керек емес пе?" – деді журналист.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар