Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанға қай уақытта келетіні белгілі болды. Бұл туралы Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин айтты, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
«Жыл сайынғы осындай сапарлар дағдыға айналды. Қазір сапар күні мен келіссөздер мазмұнын анықтап жатырмыз», – деді Алексей Бородавкин ТАСС агенттігіне берген сұхбатында.
Елші өз сөзінде Ресей президентінің Қазақстанға сапары екі ел қарым-қатынасы тарихындағы ең жарқын беттерінің біріне айналып, өзара тиімді ынтымақтастықтың қарқынды дамуына қосымша серпін беретінін айтты.
Айта кетейік, биыл мамыр айында Астанада Еуразия экономикалық кеңесі Жоғары жиынының отырысы өтеді. Владимир Путин де дәл осы жиынға қатысады деп күтілуде.