Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Келісім бердім!: Трамп Зеленскиймен жабық кездесуде әлемге маңызды шешім қабылдады

07:30, 30 шілде 2026

Трамп Зеленскийді Украинадағы соғысты тоқтатуға шақырғанын айтты, деп хабарлайды ALASH.KZ.

АҚШ президенті Дональд Трамп Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесуде оған Украинадағы қақтығысты аяқтау қажеттігін айтқанын мәлімдеді.

«Мен оған: “Соғысты аяқтағым келеді” дедім. Адамдардың қаза табуын дереу тоқтату керек», – деді Трамп журналистерге.

Кездесу жабық форматта өткен. Оның қорытындысы бойынша Владимир Зеленский Трамп Киевке Patriot әуе қорғаныс жүйесіне арналған зымыран-тосқауылдағыштарды өндіруге лицензия беруге келіскенін айтқан. Алайда кейінірек БАҚ АҚШ бұл өндірісті Украинада емес, Польшада ұйымдастыруды қауіпсіз деп санайтынын хабарлады.

Трамп келіссөздердің нәтижесін қысқаша ғана бағалап, кездесудің «өте жақсы өткенін» айтты.

Өткен аптада Филиппин астанасы Манилада Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио кездесті. Лавров Ресейдің 2025 жылы Аляскада ұсынылған бастамалар негізінде қақтығысты реттеуге дайын екенін растады. Ал Рубио бұл үшін жаңа идеялар мен ұсыныстар қажет екенін мәлімдеді.

Маусым айының соңында Ресей президенті Владимир Путин Иран бағыты бойынша шиеленістің белсенді кезеңі аяқталғаннан кейін Украина мәселесі жөніндегі АҚШ-пен диалогтың жалғасатынына үміт білдірген болатын.

Ал Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Мәскеу дипломатиялық жолмен шешім табуға дайын екенін, сонымен қатар әскери операцияны жалғастыруға жеткілікті мүмкіндігі барын айтқан.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар