Германияда 2026 жылдың басынан бері аптап ыстықтан 9,8 мың адам көз жұмды, деп жазды Alash.KZ.
Германияда 2026 жылдың басынан бері аптап ыстықтың салдарынан шамамен 9,8 мың адам қайтыс болды. Мұндай деректі Роберт Кох институты жариялады.
Мамандардың мәліметінше, бұл – соңғы он жылдағы кез келген толық жылмен салыстырғанда ең жоғары көрсеткіштердің бірі.
Сарапшылардың айтуынша, биылғы жылдың ең ауыр кезеңі маусым айының екінші жартысына сәйкес келген. Сол уақытта Германияның көптеген өңірінде ауа температурасы +40 °C-қа дейін көтеріліп, осы кезеңнің өзінде 5 мыңнан астам адам көз жұмған.
Дәрігерлер мұндай жағдай денсаулық сақтау жүйесін климаттық өзгерістерге бейімдеу қажеттігін көрсететінін айтады. Олардың пікірінше, ауруханалардағы салқындату жүйелерін жаңғырту маңызды, өйткені қазіргі таңда Германиядағы емдеу мекемелерінің аз ғана бөлігіндегі палаталар кондиционерлермен немесе өзге де тиімді салқындату құралдарымен жабдықталған.