Әнші Ақбота Керімбекова әлеуметтік желідегі парақшасында репертуарындағы танымал әндердің бірі туралы жазба жариялап, тыңдармандарымен ой бөлісті, деп хабарлайды Alash.kz.
Өнер иесі Құралай Сәтмұхамедованың «Аппақ гүлдер» әнін орындап жүргеніне 30 жылға жуық уақыт болғанын атап өтті.
«“Аппақ гүлдерді” орындап жүргеніме де 30 жылға жуықтапты. Көбі іздеп тыңдайды, репертуардан түспей тұр. Кейбіреулер “басқа әні жоқ па?” дегендей айтып жатады. Аллаға шүкір, жүздеген ән шығардым. Ақын-композиторлар әлі де жаңа туындылар ұсынып жатыр. Сонда да көпшілік осы әнді сұрайды», – деді ол.
Әнші халық сұранысының әрдайым маңызды екенін атап өтті. Оның айтуынша, өнер жолындағы басты бағыт – тыңдарман ықыласы.
«Халық қаласа, ханның өзі соңғы түйесін соймай ма? Біз халықтың ықыласынан асып қайда барайық? Әрине, шырқаймыз, әлі де шырқай береміз! Бұл – әннің бағы», – деп түйіндеді Ақбота Керімбекова.