Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Kaspi.kz басшысы Михаил Ломтадзе енді «Жеңіс» футбол клубының иесі

20:00, 13 қараша 2025 147

Белгілі кәсіпкер мемлекет басшысының Қазақстанда футболды дамыту стратегиясы аясында Астанадағы «Жеңіс» клубын басқаратын болды, деп жазады Alash.KZ.

Қасым-Жомарт Тоқаев:

«Қазір еліміздің төрт футбол клубына белгілі кәсіпкерлеріміз ие болды, яғни, клубтар жекеменшікке өтіп жатыр. Сол үшін оларға ризашылығымды білдіремін. Дегенмен футболды коммерцияландыру ісін жалғастыра беру керек. Мұндай қадамсыз Қазақстанда футбол дамымайтынын әлемдік тәжірибеден көріп отырмыз. Қазіргі заманда кәсіби спортты қомақты табыс әкелетін бизнес-индустрия ретінде қарастырған жөн», — деген болатын мемлекет басшысы Қазақстан халқына арналған Жолдауында.

Бұған дейін Михаил Ломтадзе әлемдік деңгейдегі футбол академиясын құру жоспары туралы хабарлағанын айта кетейік. 

Бүгін академияның Астанадағы «Жеңіс» ФК базасында салынатыны, онда жас таланттар халықаралық стандарттар бойынша тегін жаттыға алатыны белгілі болды.

"Менің арманым – Қазақстанда және Англияда ең талантты жас футболшылар, болашақ жұлдыздар тәрбиеленетін әлемдік деңгейдегі кәсіби балалар футбол академиясын құру. Оқыту толығымен тегін болады. Жас спортшылар еліміздің және футболдың отаны – Англияның жетекші мамандарымен жаттығуға мүмкіндік алады. Футбол – көптеген елдерде мақтаныш көзі болып табылатын, ең көпшілікті қамтитын және тартымды спорт түрі. Заманауи технологиялардың көмегімен біз қазақстандық футболды жаңа деңгейге көтеріп, әлемдік деңгейдегі ойыншыларды тәрбиелей аламыз деп сенемін", – деді Михаил Ломтадзе. 

Ескерте кетейік, Михаил Ломтадзе Kaspi.kz басшысы және тең құрылтайшысы. 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар