Бұл туралы президент Каспий экология саммитінде сөйлеген сөзінде айтты, деп жазады Alash.kz.
Каспий теңізінің тартылуы кеме қатынасына және порт инфрақұрылымына, жағадағы елді мекендердің орнықты дамуына қатер төндіреді, деді ол.
Қасым-Жомарт Тоқаев Каспий теңізін сақтауға және анағұрлым перспективті жобалардың пулын қалыптастыруға халықаралық деңгейде күш салу қажет екенін атап өтті.
– Мұндай жобалар Каспий акваториясы мен оған құятын өзендердің алаптарын да қамтуға тиіс. Су ағынын, өзен атыраулары мен сулы-батпақты аумақтарды қалпына келтіріп, гидротехникалық құрылыстардың жағдайын жақсарту керек. Аталған жұмыстарды гранттар, жеңілдетілген несие және климаттық қаржыландырудың басқа да арналары есебінен жүргізуге болады. Солай болуға тиіс, – деді Қазақстан Президенті.
Тоқаев саммит қатысушыларының назарын бірқатар негізгі бағытқа аударды:
Президент экологиялық қауіп-қатерді дер шағында анықтап, алдын алу үшін бірізді ғылыми тәсіл құру;
Каспий экожүйесін басқаруға арналған заманауи технологияларды қолданудың өзектілігіне баса мән беру;
Еліміз Биоалуантүрлілікті сақтау жөніндегі халықаралық қор құру жұмысын қолға алды. Президент қор жұмысына белсенді атсалысып, бірлескен нақты жобаларды іске асыру;
Заңсыз балық аулау мен браконьерлікке қарсы күресті күшейту;
Тегеран конвенциясының тұрақты Хатшылығын толық жасақтау;
Президент атап өткендей, Каспий – мемлекеттік шекараға бағынбайтын біртұтас экожүйе. Сондықтан халықаралық ұйымдар және қаржы нарықтары аясында үйлесімді іс-әрекет болмаса, табысқа жету мүмкін емес.