Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Каспийдегі әскерилердің қазасы: Ақтауда үш күн мерекелік шаралар өтпейді

19:48, 24 қыркүйек 2026

Ақтауда «Амфитеатр» алаңындағы мерекелік іс-шаралар өткізілмейді, деп жазады Alash.KZ порталы Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме беріп.

Әкімдіктің мәліметінше, Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде орын алған қайғылы оқиғаға байланысты 2026 жылғы 25–27 қыркүйек аралығында Ақтау қаласындағы «Амфитеатр» алаңында өткізілуі жоспарланған мерекелік іс-шаралар өткізілмейді.

— Атап айтқанда, 25 қыркүйекке жоспарланған «Каспий — достық теңізі» фестивалінің салтанатты ашылуы, сондай-ақ 27 қыркүйекте өтетін фестиваль-байқаудың жабылу салтанаты мен Ақтау қаласының туған күніне арналған мерекелік гала-концерт өткізілмейді. Қала әкімдігі әскери оқу-жаттығу кезінде қаза болған сарбаздардың отбасылары мен жақын-жуықтарына қайғырып көңіл айтады, — делінген ведомство хабарламасында.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар