Израиль армиясы Каспий теңізі алабында Иран флотына тиесілі катерлерге әуеден шабуыл жасады, деп хабарлайды Alash.kz.
Times of Israel басылымының мәліметінше, әскери операция барысында тактикалық авиация қолданылып, Иранның Бендер-Энзели портында тұрған бес бірдей кеме нысанаға алынған.
Оқиға куәгерлері порт аумағында бірнеше қуатты жарылыс болғанын хабарлады. Шабуыл кезінде Израильдің F-15I Ra’am жойғыш ұшақтары пайдаланылғаны айтылуда. Қолданылған қару-жарақтың нақты түрі ресми түрде жарияланбағанымен, кейбір дереккөздер мұның басқарылатын авиабомбалар немесе аэробаллистикалық зымырандар болуы мүмкін екенін алға тартады.