Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Каспий құбыр консорциумы терминалындағы тағы екі танкерге шабуыл жасалды

12:15, 30 шілде 2026

Каспий құбыр консорциумы (КҚК) терминалында тұрған тағы екі мұнай танкеріне шабуыл жасалды. Бұл ақпаратты консорциумның баспасөз қызметі ресми түрде растады, деп жазады Alash.kz

Компания мәліметінше, оқиға салдарынан КҚК қызметкерлері мен мердігер ұйымдардың жұмысшылары зардап шеккен жоқ. Сондай-ақ адам шығыны тіркелмеген және мұнайдың төгілуіне жол берілмеген.

Оқиғадан кейін терминалдағы мұнай тиеу жұмыстары уақытша тоқтатылды. Ал құбыр жүйесінің қалған нысандары штаттық режимде жұмысын жалғастырып жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар