Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Каспий жағасынан 60 жастағы әйел адамның өлі денесі табылды

19:41, 30 қаңтар 2026

Ақтаудағы 4-шағын аудан тұсындағы теңіз жағалауынан қала тұрғынының мәйіті табылды, деп жазады Alash.kz. 

Қайғылы оқиға туралы хабар құтқарушыларға 29 қаңтар күні кешкі уақытта түскен. Оқиға орнына жедел жеткен Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің сүңгуірлері судан әйел адамның денесін алып шықты.

Қазіргі уақытта құзырлы органдар қаза болған азаматшаның жеке басын анықтады, ол Ақтау қаласының 60 жастағы тұрғыны болып шықты. Алдын ала болжам бойынша, құтқарушылар марқұмның өз-өзіне қол жұмсау нұсқасын да қарастырып жатыр.

Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері болған жағдайды былай деп мәлімдеді:

«Жедел-құтқару бөлімінің сүңгуірлері судан әйел адамның денесін шығарды. Қазіргі уақытта жағдайдың мән-жайы мұқият анықталуда».

Полиция департаменті аталған дерек бойынша тергеу амалдарын бастап кетті. Тәртіп сақшылары оқиғаның нақты себебін анықтау үшін сараптамалар тағайындап, тексеру жүргізіп жатыр.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиға барысы туралы мынадай ақпарат берді:

«Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған мұқият тексеру жұмыстарын жүргізуде».

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар