Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Kaspi Gold қолданушыларының картасынан ақша жоғалып жатыр - бұған банк не дейді?

17:20, 06 желтоқсан 2024 1802

Әлеуметтік желіде Kaspi картамнан ақша жоғалды деген бойжеткен жазба жариялады, деп хабарлайды Alash.kz.

Ол бұл туралы өзінің Threads желісінде баяндады.

Мен Kaspi банкінен бұндайды күтпеп едім… Бүгін таңертең оянып, картамнан екі транзакция арқылы барлық ақшам алынғанын көрдім. Ең таңғаларлығы, бұл жабық картадан жасалған. Абырой болғанда, ол жерде аз ғана теңге жатқан. Ал жалақым әдетте депозитте сақталады. Мен ешқандай сатып алу жасамадым, интернет төлемдерге шектеу қойылған. Ақшаның алынғаны аздай, картамда минус пайда болған! Оның үстіне, шот үзіндісінде бұл операциялар мүлдем көрсетілмеген. Болмағандай көрінеді.

Kaspi-де бұндай болуы мүмкін деп ойламаппын! Банкке қоңырау шалуға тырыстым…Kaspi Гид чатында ешкім жауап бермеді. Қоңырау шалу да оңай емес екен.

Үшінші рет қоңырау шалғанымда ғана жауап алдым. Маған “қандай да бір қателік болғанын” айтып, өтініш жазуды ұсынды. Бір тәулік ішінде хабарласамыз деді.

Менеджерден сұрадым: “Менің келісімімсіз жабық картадан қалай ақша алынуы мүмкін?” және “Неге картамда минус пайда болды?” деген сұрақтарға: “Банктің қателігі, анықтаймыз. Минус тек екі жағдайда болуы мүмкін: шотқа арест салынса немесе валюталық транзакциялар кезінде” деп жауап берді.

Яғни, валюта айырбастау кезінде айырмашылықтың кесірінен минус шығып тұр екен. Басқа елден ақша алынған деген сөз. Не дерімді білмей қалдым…

Күні бойы ақшасыз жүрдім, бірақ қолма-қол ақша болғаны жақсы болды. Кешкісін МойБанк қосымшасына кірсем, бәрі орнына келіпті. Ештеңе болмағандай. Маған ешкім қоңырау шалған жоқ, ешқандай хабарлама да келген жоқ.

Демек, ақшамды кез келген уақытта, менің рұқсатымсыз, жабық картадан алып, кейін қайтара салуға бола ма? Еш түсініктеме берместен…”,- деп жазды ол.

Кейін банк бойжеткенге жауап қатты.

Сәлеметсіз бе, Алена! Сіз осындай жағдайға тап болғаныңыз үшін шын жүректен өкініш білдіреміз. Біз тексеру жүргізіп, Сіздің шоттарыңызға ешқандай арест салынбағанын және курстық айырма бойынша қаражат алынбағанын анықтадық. Kaspi.kz тарапынан техникалық ақау орын алып, осының салдарынан Сіздің Kaspi Gold картаңыздан қате транзакция жасалған. Біз бұл қателікті түзетіп, қате операцияларды жойдық. Сізге қолайсыздық тудырғанымыз үшін шын жүректен кешірім сұраймыз”,- деді банк қызметкері.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар