Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Kaspi Gold жылдық қызмет тарифінің 10 мың теңгеге дейін өсетіні рас па?

14:12, 11 ақпан 2026

Kaspi.kz қаржы ұйымы Kaspi Gold төлем картасына жылдық қызмет көрсету тарифтерінің 10 мың теңгеге дейін өсетіні туралы әлеуметтік желілер мен БАҚ беттерінде тараған ақпаратты ресми түрде жоққа шығарды, деп хабарлайды Alash.kz. 

Банк өкілдері клиенттер мен серіктестер үшін қолданыстағы тарифтер мен қызмет көрсету талаптары ешқандай өзгеріссіз қалатынын мәлімдеді. Қаржы мекемесінің түсіндіруінше, желіде пайда болған Kaspi Gold жылдық қызметінің қымбаттауы, картаны қайта шығару ережелерінің өзгеруі және өзге банктерге жасалатын аударымдар үшін комиссия мөлшерінің артуы туралы мәліметтер шындыққа жанаспайды. Бұл жағдайға банктің жаңартылған заңнамалық құжатындағы мәліметтердің бұрыс пайымдалуы себеп болған.

Банк тарапы бұл туралы: «Тарифтер туралы жаңарған заң құжатын дұрыс түсінбеу осындай қауесеттің таралуына себеп болды. Онда Қазақстан заңдары талабына сай, шекті мәні ғана көрсетілген», – деп нақтылады.

Сондай-ақ Kaspi.kz әкімшілігі қызмет көрсету шарттарында қандай да бір елеулі өзгерістер орын алған жағдайда, ол туралы пайдаланушыларға алдын ала хабар берілетінін атап өтті. Айта кетейік, қазіргі таңда Kaspi Gold картасына қызмет көрсетудің алғашқы жылы тегін, ал келесі жылдардан бастап жылдық ақы 1995 теңгені құрайды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар