Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Кәрім Мәсімовке болысатын жан болмады, комиссия ақыры кешірім беруден бас тартты

12:48, 29 маусым 2024 433

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов биыл, наурыз айында,  рақымшылық жасау туралы өтініш берген. Комиссия кешірім беруден үзілді-кесілді бас тарты, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов атына рақымшылық жасалмайтын болды. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Марат Бәшімов мәлімдеді. Кешірім жасау жөніндегі комиссия осындай тоқтамға келген:

"Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссияның міндеті – кешірім жасау туралы материалдарды алдын ала қарау. Комиссия мемлекет басшысы жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады. Комиссияның қызметі мемлекет басшысының жарлығымен бекітілген ережемен реттеледі. Апелляциялық шағым берілгеннен кейін, ол тіркеледі, сұраулар Ішкі істер министрлігінің қылмыстық іздестіру департаментіне, Бас прокуратураға және Жоғарғы Сотқа жіберіледі. Ақпаратты алғаннан кейін Комиссияда жан-жақты талқыланады", – деп жазды Башимов Facebook парақшасында.

Ол кешірім жасау жөніндегі комиссияның құрамына үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, ғалымдар, түрлі органдардың өкілдері, Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл, президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі, Бас Прокурордың орынбасары және Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық атқару комитетінің төрағасы кіретінін жалғастырды.

Марат Бәшімовтың айтуынша, Конституцияның 44-бабында көрсетілгендей "Қазақстан Республикасының президенті: 15) азаматтарға кешірім жасайды. Бұл оның ғана конституциялық құқығы.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар