Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Канада Навальныйдың өліміне байланысты жаңа санкциялар енгізді

14:01, 19 маусым 2024 655

Канада Навальныйдың қайтыс болуына байланысты жаңа санкциялар енгізді, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

Канада билігі ресейлік оппозиционердің өліміне "қатыгездікпен себепкер болған" ресейлік күш құрылымдарына, 13 жоғарғы лауазым қызметкерлері мен шенеуніктеріне шектеулер қойды. 

Бұл туралы Канада үкіметінің сайты 18 маусым, сейсенбі күні кешке хабарлады.

Бұл Навальныйдың 2020 жылы "Новичок" жүйке-паралитикалық затымен улануы, 2021 жылы әуежайда ұсталуы, құқықтары бұзылып,түзеу колониясына қамалуы, сондай-ақ "оның өлімінің себебін тергеудің мүмкін еместігі және денесін отбасына берудегі ұзақ кідіріске" қатысты деп түсіндіреді құжатта.

"Коммерсант" газетінің көрсетуінше, Канада СІМ өкілдерінің адам құқықтарының бұзылуына байланысты арнайы шаралар туралы ережеде қабылдаған ережесінде 111 адамның есім-cойы бар. Жарияланған соңғы 13 орыс есімінің қатарында ФСИН-дің төрт өкілі, үш прокурор, үш судья, екі тергеуші және Навальный түрмеде отырған түзеу колониясының бастығы бар.

Аталған адамдардың бір бөлігі 2023 жылы Канаданың санкцияларына ұшырады, деп хабарлайды басылым.

Естеріңізге сала кетейік,16 ақпан күні ресейлік оппозиционер Алексей Навальный қайтыс болды. Бұл туралы ол жазасын өтеп жатқан Ямало-Ненецк автономиялық округі бойынша Федералдық қылмыстық атқару қызметінің департаменті хабарлады.

Жарияланған ақпарат бойынша, №3 түзеу колониясында сотталушы Навальный серуендеуден кейін өзін нашар сезініп, бірден есінен танып қалған.

Дереу мекеменің медицина қызметкерлері жетіп, жедел жәрдем шақырылғаны айтылды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар