Антикор Талдықорған полициясының бұрынғы басшысы Марат Құштыбаевтың жұбайына қатысты іс қозғады, деп хабарлайды Alash.kz.
Еске сала кетейік, бұған дейін Құштыбаев зорлау айыбы бойынша сотталған болатын.
Енді оның жұбайы жәбірленушінің бостандығын сатып алуға әрекеттенді деген күдікке ілінді.
Жетісу облыстық прокуратурасының мәліметінше, Қылмыстық кодекстің 422-бабының 1-бөлігі бойынша жәбірленушінің бостандығые сатып алу дерегімен қозғалған қылмыстық іс жергілікті Антикоррупциялық қызмет департаментінің өндірісінде.
“Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, және ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жариялауға жатпайды”, – деп хабарлады прокуратура редакцияның ресми сұранысына жауап ретінде.
Белгілі болғандай, 2024 жылдың қарашасында Құштыбаевтың жұбайына қатысты жүргізіліп жатқан тергеу сараптама тағайындау үшін уақытша тоқтатылған.
Бұл туралы сот кабинетіндегі мәліметтерде көрсетілген.