Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Жыныстық әрекет жасамақ болған”. Келініне қол жүгірткен ер адам жұртты шошытты

12:26, 25 мамыр 2025 678

Ташкент қаласында келініне жыныстық сипаттағы әрекеттер жасамақ болған ер адам ұсталды, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы. 

Nova24 басылымының хабарлауынша, оқиға Янгихаёт ауданында болған. 49 жастағы ер адам ұлының отбасымен бірге бір үйде тұрған. Бір күні ол өз келініне қатысты жыныстық сипаттағы әрекеттер жасамақ болған.

Сот отырысында ер адам кінәсін мойындап, істеген ісіне өкінетінін білдіріп, мұндай жағдайдың қайталанбайтынына уәде берген.

Сот оны Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 41-1-бабы (Жыныстық қолайсыздық көрсету) бойынша кінәлі деп танып, 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасын тағайындады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар