Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Жылына жоқ дегенде 100 пәтерден сыйлаймыз” - Ерлі-зайыпты Алагөзовтер бұрын-соңды болмаған бастаманы қолға алды (ВИДЕО)

19:59, 24 қазан 2025 365

Белгілі продюсер Баян Алагөзова мен кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзов Galanz Bottlers компаниясы қызметкерлеріне арналған жаңа әлеуметтік бастаманы қолға алды. Енді олар көмек көрсету шарасын тұрақты бағдарлама ретінде жалғастырып, жыл сайын кемінде 100 қызметкерді баспанамен қамтамасыз етуді мақсат етіп отыр, деп хабарлайды Alash.kz.
Баян Алагөзованың айтуынша, идея алғашында жұбайынан шыққанымен, жобаны жүйелі әрі ұзақмерзімді етуге өзі ұсыныс білдірген. Продюсердің пайымынша, бизнес табысқа жету жолында еңбек етіп жүрген адамдарға алғыс ретінде нақты көмек көрсетуі тиіс.

“19 жастағы қыздың өз күшімен пәтерақысын төлеп, оқып, сабақтан кейін жұмыс істейтінін көргенде бейжай қалу қиын. Осындай адамдардың тағдыры мені ойлантады”, — дейді Алагөзова. Ол бұл әрекетті пиар емес, жеке жауапкершілік деп санайды.

Компания өкілдерінің айтуынша, бастама арнайы жыл сайынғы тұрғын үй сертификаттары бағдарламасы түрінде ресімделмек. Қазірдің өзінде пәтер алуға үміткерлерді іріктеу критерийлері мен бөлу механизмі талқыланып жатыр. Бағдарлама, ең алдымен, ұзақ жылдар бойы баспана мәселесін шеше алмай жүрген қызметкерлерге бағытталмақ.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар