Латвия премьер-министрі Андрис Кулбергс Украинаға қолдау көрсету үшін әр еуропалық жылына бір бокал сырадан бас тартса жеткілікті деп санайды. Бұл туралы ол Брюссельде Еуропа көшбасшыларының кездесуіне дейін мәлімдеді, деп жазды Alash.kz.
«Украинаны қолдау үшін әзірге ақша қажет. Бұл – әр еуропалықтың жылына бір бокал сыраны аз ішуімен бірдей. Бұған шамамыз жетеді. Ал Украинаға көмек дәл қазір қажет. Біз үшін бір бокал сыраның құны – жай ғана шығын. Ал Украинада бұл адам өмірінің құны. Егер сыраны аз ішсек, адамдардың өмірін сақтап қалуға болады», – деді Кулбергс.
The Economist басылымының тілшісі әлеуметтік желіде премьердің есебіне күмән келтірді. Оның айтуынша, Еуропалық одақтың 450 миллион тұрғыны сыраға жұмсайтын үш еуродан Украинаға аударған күннің өзінде, жалпы сома 1,35 миллиард еуроны құрайды. Бұл Украинаға қажетті қаражаттың шамамен 2 пайызы ғана.
Бұл туралы Delfi басылымы жазды.