Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Жылап, жаман болдым": Әнші Мақпал Жүнісова ел естімеген шындығын жайып салды (ВИДЕО)

15:43, 26 сәуір 2026

Қазақстанның Халық әртісі Мақпал Жүнісова өміріндегі ең қиын кезеңдерін еске алды, деп жазады Alash.kz.

Өнер иесі желідегі парақшасында архивтік видеосын жариялап, бір кездері ірі байқауда жеңіске жеткенімен, финалға қатыса алмағанын айтты.

"Алматыда өткен осы конкурста 3000 адамнан бірден көзбе-көз дауыс жиналды, мен жеңіп шыққан едім. Финалға Москваға дайындық екі ай жүрді, бірақ екі апта қалғанда осы іріктеуде мүлдем қатыспаған Бақтияр Тайлақбаев барады деп мәдениет министрлігінен хабар келді. Мен жылап жаман болған кез еске түсті", – деп жазды Мақпал Жүнісова.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар