Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Жылаймын… Жүрегімдесің...": Дариға Бадықова көз жасын тыя алмады (ВИДЕО)

14:13, 28 шілде 2026

Танымал продюсер әрі актриса Дариға Бадықова өзі түсірген «Соңыра» фильмін тамашалап отырған сәтінен бейнежазба жариялап, алған әсерімен бөлісті, деп жазады Alash.kz.

Өскемен қаласында құтқарушылар туралы түсірілген фильмді алғашқылардың бірі болып тамашалаған Дариға Бадықова толқынысын жасыра алмай, көз жасына ерік берді.

Өнер иесінің айтуынша, фильмдегі әрбір көрініс пен әр кейіпкердің тағдыры оған ерекше әсер еткен.

«Жылаймын, жылаймын…

Бұл фильмнің тезірек жарыққа шығып, сіздермен қауышқанын асыға күтіп жүрмін. Өйткені сценарийі де, драматургиясы да өте мықты. Әр кейіпкердің тағдыры, әр диалогтың салмағы бар.

Жүрегімдесің, “Соңыра”!», – деп жазды ол.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар