Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жүзы жылы жан: Ұшақта жағдайы күрт нашарлаған жолаушыны борт ішіндегі дәрігер құтқарып қалды

19:20, 03 қыркүйек 2024 365

Ұшақта қан қысымы күрт төмендеген жолаушыны бортта болған дәрігер құтқарып қалды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Ulysmedia.kz. сайтына сілтеме жасап. 

Жолаушының жағдайы Ақтөбеден Астанаға ұшып бара жатқан кезде нашарлаған. Видеоны блогер Аяна Ғабдуллина жариялады.

– Ұшақта жолаушының қан қысымы күрт төмендеп, талып қалды. Абырой болғанда, жолаушылардың арасында адам өміріне араша түскен медицина өкілдері бар болып шықты. Жанымызды шүберекке түйіп, қатты уайымдадық, – дейді ол.

Науқасқа көмек көрсету үшін бір жақсысы жолаушылардың арасынан дәрігер табылып, уақтылы көмек көрсеткен. 

– Ақтөбеден қонақтан келе жатырмын. Мамандығым фельдшер. Бір жыл болды медицинада қызмет атқармаймын. Науқастың жағдайы қазір жақсы. Қысымын 60-қа дейін көтердік. Өзі гипертоник дейді. Қазір жағдайы жақсы, – дейді дәрігер.

Зәуре Кенжебайқызы Зайсан қаласының тумасы екен. Бес баланың анасы. 

– Өмірді сақтап қалу – дәрігер болғандықтан тікелей міндетім. Мен ол кісінің жанына келгенде қысымы мүлде жоқ болды. Пульс азайып кеткен. Дәрігер болған соң бірден шара қабылдадық. Жүрек қағысы болғандықтан, біз бірден қысымды көтеруге тырыстық. Аллаға шүкір, жолаушымыз есін жиды. Жедел жәрдем қызметкерлері науқасты алып кетті, – дейді ол.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар