Сәкен Майғазиевтің ұлына қатысты қуанышты жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды Alash.kz.
Естеріңізде болса, әнші ұлының Әдия Мәулен есімді ақтаулық арумен сөйлесіп жүргені туралы ақпарат тараған еді.
Сәкен Майғазиев өнердегі достары Мирас пен Құралайдың қыздарының ұзату тойында сөз сөйлеп, отбасындағы қуанышты жаңалықғын растады:
”Той тойға ұласа берсін. Жаңа Жанар әпкеміз Айжұлдыздың үлкен тойында бос қосайық деп айтып қалды ғой. Ол кезде Нұржан Төлендиев ұлын үйлендіріп жатыр еді. Ол алдын-ала Шымкентке шақырып қойды. Одан кейін біздің үйде де тойдың ауылы алыс емес сияқты. Әлеуметтік желі шулап жатыр екен. Біз Динара екеуміз білмейміз, жұрттар бізден келіндеріңіз құтты болсын деп сүйінші сұрап жатыр. Сол тойда Алла тағала бас қосуды етсін. Осындай той баршаңызға жұғысты болсын. Алла жар болсын!”, — дейді әнші.
Күні кеше жаңаөзендік ару әнші ұлымен қалай танысқанын жеткізген еді:
«Әділетпен бір-бірімізді 3-4 жылдан бері танимыз. Бірақ нақты жүргенімізге 9 ай болады. Жас айырмашылығымыз – 6 жас. Жаңаөзенде туғанмын. Кейін Ақтау қаласына көштік. Қазір Алматыда тұрып жатырмыз. Мамандығым – қонақ үй бизнесі. Колледж бітіргенмін. Болашақта ЖОО-ға түскім келеді. Енемен тұруға қатысты көзқарасым – бейтарап. Маған көп адам болып шай ішкен ұнайды. Өзімнің де інім бар. Сондықтан ене тақырыбын жақсы түсінемін», – деді Әдия Мәулен.