Белгілі ақын, айтыс жанашыры Жүрсін Ерманның әлеуметтік желіде “Qyzyq Orda” арнасына берген сұхбаты жарияланды, деп жазады Alash.KZ.
Айтыс ақсақалы сұхбат барысында қазақ айтысын қолдау үшін әртүрлі амалдарға барғанын айтады.
"Мен шантажбен де көлік алған уақыттарым болған. Мысалы, Болат Әбіловтен. Бауыржан Қарабеков деген ақын жігіт бар, Бутяның (Болат Әбілов - ред) орынбасары болатын. Айтысқа қоятын жүлде таба алмай жатқанда Бауыржанға кездесіп қалдым. Соған айттым. "Бутяға айтсаңшы, бізге жүлде тауып берсін" дедім. Сосын ол "Көреміз, деп айтты" деді. Сол екі ортада Егемен Қазақстан менен сұхбат ала қалды. Мен "Бутя көмектесейін деп жатыр" деп айтып жібердім. Сөйтсем, Бауыржан звандайды: "Бутя ренжіп жатыр. Береміз дегем жоқ, көреміз дедім ғой" деп. Онда ол өкпелемесін, мен қайтадан сұхбат беремін: "Бутя бермейтін болды деп айтамын" дедім. Бауыржан да намысты жігіт қой. "Жоқ, берейік, келіңіз" деп, Мырзатай екеумізді шақырып алып көлік қойып берді" - дейді Жүрсін Ерман.
Қазақтың айтыс өнерін тәуелсіздіктен бері сүйреп келе жатқан бір адам болса, ол - Жүрсін Ерман. Сұхбат кезінде бұл туралы да тоқталады.
"Санап жүргем жоқ, бірақ осы айтысқа 400-500 көлік тауып бердім. Сол машиналарды өзім алғанда байып кететін едім" дейді ол.