Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Журналистер жағдайды даурықтырып отыр": Қызылордада секс-құлдықта болған оқушы туралы

18:13, 24 қазан 2024 499

Ішкі істер министрінің бұрынғы бірінші орынбасары, қазіргі сенат депутаты Марат Қожаев Қызылордада секс-құлдықта болған оқушы ісі бойынша сот жабық өтеді деп хабарлады. Себебі жәбірленуші мен кейбір күдікті кәмелет жасқа толмаған, деп жазады Alash.KZ.

24 қазанда парламент үйінде журналистер сұрағына жауап берген Қожаев іс бойынша қорытынды жасауға әлі ерте деп мәлімдеді. Бұл жөнінде "Власть" сайты жазды.

"Қоғамда резонанс болмаса, қыздың үй-ішіне қауіпсіз болар ма еді?" деген сұраққа сенат мүшесі өзі құқық қорғау органдарында 30 жыл жұмыс істегенде мұндай оқиғаларды көп көргенін, "қоғамдағы талқылауларсыз-ақ әділ және объективті шешімдер қабылданғанын" айтты.🗣

Қазір түрмеде отырған көп қылмыскердің ісі бойынша ешқандай резонанс болмаған. Сотта сіздер әлеуметтік желілерде көтерген шу емес, процестік дәлелдер ғана бағаланады. Дәлелдер болса, кінәлілер жазаға тартылады" деді сенат депутаты.

Қожаев "журналистер ақпарат кеңістігінде жағдайды даурықтырып отыр", ал "халықтың басым бөлігі Қазақстанның құқық жүйесіне сенеді" деп мәлімдеді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар