Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Жүргізушінің денсаулығы сыр берген". Трамвай жолдай тайып, салдарынан екі жолаушы қаза тапты

10:28, 28 ақпан 2026

Милан қаласында 27 ақпан күні қайғылы оқиға болды. Corriere della Sera басылымының хабарлауынша, трагедия Венеция қақпасы ауданында болған, деп жазды Alash.kz.

9-бағыттағы жаңа буындағы Tramlink трамвайы (ұзындығы 25 метр, үш вагоны және екі басқару кабинасы бар) Порта-Генуя бағытына қарай жоғары жылдамдықпен қозғалып келе жатқан. Бұрылыстан шыққан сәтте вагондар рельстен шығып, бағдаршамды және мейрамхана витринасын қағып кеткен. Салдарынан бірнеше адам трамвай дөңгелектерінің астында қалған.

Оқиға салдарынан екі адам қаза тапты. Олардың бірінің жеке басы әзірге анықталмаған.

Дәрігерлердің мәліметінше, 38 адам зардап шеккен: біреуі аса ауыр халде, алтауы ауыр жағдайда, қалғандары жеңіл жарақат алған.

Қазіргі уақытта тергеу әртүрлі нұсқаларды қарастыруда. Негізгі болжамдардың қатарында жүргізушінің денсаулығы сыр беруі немесе рельс бағыттау жүйесінің техникалық ақауы бар.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар