Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Жүрегіміз қан жылап тұр»: Щучинскідегі сұмдық жарылыстан кейін кафе ұжымы шұғыл мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

18:35, 27 ақпан 2026

Ақмола облысы Щучинск қаласындағы «Палау орталығында» орын алған жойқын жарылыстан кейін мекеме әкімшілігі мен қызметкерлері ресми мәлімдеме жасады, деп жазады Alash.kz. 

Қайғылы оқиға салдарынан жеті адам қаза тауып, ондаған тұрғын түрлі деңгейдегі жарақаттар алған болатын. Қазіргі уақытта дәмхана өкілдері қаза болғандарды соңғы сапарға шығарып салу шығындарын өтеп, зардап шеккен отбасыларға жан-жақты қолдау көрсетуге ниетті екенін жеткізді.

Дәмхана ұжымы дайындаған арнайы бейнеүндеуде оқиғаның орны толмас қасірет екені атап өтілді. Онда мекеме қызметкерлерінің де бұл жағдайды ауыр қабылдап жатқаны айтылған.

Сөз дәрменсіз болып, тыныштықтың салмағы кез келген қайғыдан ауыр тартатын күндер болады. Бүгін бәріміздің де жүрегіміз қан жылап тұр. Палау орталығында болған бұл қасірет жай ғана жазылмайтын жара емес. Ол әрқайсымызға, әрбір отбасы мен еліміздің әрбір тұрғынына ауыр тиді. Өмір – ең қымбат сый, бірақ ол өте нәзік. Апат айтпай келіп, жоспарлар мен армандарды, тағдырларды санаулы секундта талқандағанда, ешкім де бұдан сақтандырылмаған

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар