Продюсер, әнші Мөлдір Мұқан жеке өміріне қатысты естелігімен бөлісті, деп жазады Alash.kz.
Өнер иесі алғашқы махаббаты жайлы айтып, ешкімге айтпаған сырын ашты.
«Алғашында “жоқ, маған ұнамайды, келмесін” дегенмін. Бірден ұнаттым деп айта алмаймын. Бірақ ақырын-ақырын баурап алды. Мені қызықтыратын әшекейлер сыйлап, жүрегімді жаулап алды. “Бұл – менің алғашқы махаббатым” деген ой кейін келеді ғой. Жалпы, бірінші қадамды көбіне жігіт жасайды. Ал сен уақыт өте келе оны қабылдап, ұната бастайсың…», – деді Мөлдір Мұқан «Шәйдің қыздары» жобасында.