Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Жүрегім елім, халқым деп соғып жүргеннен кейін" - Халық Аша Матайдың депутат болуына қарсы ма? (ВИДЕО)

11:23, 09 шілде 2026

Танымал әнші әрі тележүргізуші Аша Матай Қазақстан Халық партиясы атынан Құрылтай депутаттығына кандидат ретінде тіркелді. Алайда желідегі оқырмандар тарапынан әншінің сайлауға түсуіне қатысты әртүрлі пікірлер жазып жатыр, деп хабарлайды Alash.kz

Өнер иесі депутат болуға не себеп болғанын түсіндіріп, бұл шешімінің жеке қалауынан туғанын айтты.

«Әрине, ол оңай емес. Өнерден келген адам ретінде, шығармашылықпен айналысып жүрген адам ретінде... Дегенмен, менің де жүрегім Қазақстан деп, елім, халқым деп соғып жүргеннен кейін, әрине, өзіміздің халқымыздың әлеуметтік жағдайын көтеріп, әрмен қарай еңбек еткіміз келеді деп ойлаймын. Немқұрайлы қарауға болмайды. Себебі өзіміздің ғана қара басымызды ойлап, әрқайсымыз жүре берсек, еліміз не болады?!», - деді Аша Матай.


Қазақстан Халық партиясы кезектен тыс съезінде Құрылтай сайлауына қатысатын кандидаттардың тізімін бекітті. Жалпы партиялық тізімге 72 адам енгізілген. Тізімде саяси тәжірибесі бар 15 азамат бар. Олардың қатарында VIII сайланған Мәжіліс депутаттары Асылбек Нұралин, Кенжегүл Сейтжан, Ислам Сұңқар және Ирина Смирнова бар. Сондай-ақ бұрын Сенат депутаты болған Ләззат Сүлеймен де кандидаттар қатарынан орын алды.

Партия атынан сайлауға қатысатын үміткерлер арасында халық әртісі Тамара Асар, тележүргізуші әрі әнші Ақбота Асқарбекова (Аша Матай), актриса Венера Нығматулина, сондай-ақ журналистер мен қоғам белсенділері бар.

Дегенмен, желідегі жұрт әншілердің депутат болуына қарсы. Олардың пікірінше, саясатпен заңгерлер мен арнайы білікті мамандар айналысуы керек.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар