ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова заңнан аттаған, сапасыз жекеменшік мектептерге қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Alash.kz.
Министр 10 жылдан бері өзінің ғимаратының мақсатты пайдалану тетігін дұрыстап заңдастырмаған мектептердің барлығы жұмысын тоқтататынын айтты.
Заңға сәйкес, тәртіпке сәйкес сапалы мектептің бәрі қалады. Мемлекет өзінің міндеттемелерін орындайды. Сапасыз, заңсыз жұмыс жасаған, 10 жылдан бері өзінің ғимаратының мақсатты пайдалану тетігін дұрыстап заңдастырмаған мектептердің барлығы бұдан әрі жұмыс жасамайтын болады. Менің ойымша, бұл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың “Заң және тәртіп” қағидасытының аясында, сонымен қатар бүгінгі таңдағы “Әділетті Қазақстан” қағидаты тұрғысы аясында өте дұрыс шешім деп санаймын.