Алдағы 15 жылда дамушы елдерде шамамен 1,2 млрд жас оқуын аяқтап, еңбек нарығына шығады. Алайда олардың тек 400 миллионына ғана жұмыс табылуы мүмкін. Бұл туралы БҰҰ Даму бағдарламасының басшысы Александр Де Кроо ескертті, деп жазды Alash.kz.
Оның айтуынша, мәселе тек жасанды интеллектінің дамуына байланысты емес. Негізгі себептер – жастар санының жылдам өсуі және жұмыс орындарының жеткіліксіздігі. Дамушы елдердің көпшілігінде халықтың орташа жасы 18 бен 25 жас аралығында.
«Бұл мәселе өздігінен шешілмейді. Ол – дәл қазір жүргізіліп жатқан саясаттың тікелей нәтижесі», – деп атап өтті Де Кроо.
Мәселені шешу үшін БҰҰ Даму бағдарламасы инвестиция тартуға, сұранысқа ие салаларды дамытуға және жұмыс берушілердің қажеттілігіне сай мамандар даярлауға бағытталған екі бастаманы іске қосып жатыр.
Де Крооның пікірінше, жасанды интеллект кеңінен қолданылғанның өзінде ауыл шаруашылығы, туризм және әлеуметтік күтім салаларында жұмыс орындары ашыла береді.