Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жұмысқа қайта оралған аналар бала күтімі төлемінен қағылмайды (ВИДЕО)

21:01, 16 қазан 2026

Еңбек министрі Асқарбек Ертаев бала күтімі бойынша төлемдерге қатысты түсініктеме берді. Оның айтуынша, жұмысқа шыққан аналарға төленетін әлеуметтік төлем отбасының әлеуметтік санатына қарамастан сақталады, деп жазады Alash.kz.

Министрдің сөзінше, әлеуметтік сақтандыру жүйесіне екі жыл немесе одан да көп уақыт қатысқан әйелдер бала күтіміне арналған төлемді алуды жалғастыра алады.

Ал бала дүниеге келген кезде берілетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақы тек С, D және Е санатындағы отбасыларға төленеді.

Егер ана босанғанға дейін жұмыс істемеген болса, А және В санатындағы отбасылар бюджеттен бала күтіміне байланысты төлем ала алмайды.

Бала күтіміне арналған төлем сәби бір жарым жасқа толғанға дейін беріледі.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар